Түнімен ұйықтай алмай, дәрігерлер де тұла бойын инелеп, денесі көптен қозғалусыз қалған қарт есін біліп жатыр. Сөйлей алмағаны жанына қатты батады, немересі аузын сулап, арасында “аталап” қояды… Бәрін естіп жатыр…
біліп жатыр,
сезіп жатыр…
“…балалық кезі. Атасы Бөкен аңға шыққанда да, балық аулауғада көп ертіп кететін. Неге екенін белгісіз,ол балық аулауды тыныштықты аңсайтын адамдардың кәсібіне санайтын. Қырсыққандай сол кездерде кей күндері балықсыз келетін күндеріде есінде. Сонда да болса атасының маңайынан бір елі қалмай, балыққа жем шашуына да көмектесіп, атасының үйдегілерден қорғаштағанына, әр кезде арашалағына мәз-мәйрам болатын. Күнделікті әдеті бойынша майшам жағар кезде жеңгесі Салиманың бауырына басқанына таңсық қарап, атасының қасына жататын. Бір жазғытұры атасы қатты сырқаттанып, дүние салғанында ол енді атасын көрмейтіндігін толық сезінбеген, сенбеген. Бүгінде қасында отырған немересіне қарап соны сезінетіндей, түсінетіндей….”
“…. Тыныштық ақсақалдың дәрісіне жиі барып жүріп әріп таныды. Атасының сол кісіге “сүйегі менікі, еті сенікі” деп айтқаны әлі есінде. Содан болар әріп танып, ресейге дейін шығып, ел көріп келген. Ауылға жігіт шағында оралғанында Салима жежесі көрші көлемді шақырып, бір мал Құдайы жолы жасағаны, сол күні көршінің Алма есімді қызымен танысып, тынысы тарылғаны да көз алдына кеп жатқандай… “
“…Алма оразада толғағы келіп, тұңғыш ұлы Рамазанын өмірге әкеп қуанғаны, дос құрдастарымен аңға шығып, сол күні семіз киіктің бұйыруын ол Алла Тағаланың берген сыйы деп түсінген. Өмір-өзен деген осы ау….
Ол өзін бір мезетте, ешкім шыңына жете алмас бақытты сезінген! Бүгінде адам баласының көңілі, мейірімі, қанағаты неткен шексіз деп ойланатын. Иланып болсада,бұл жалғанда бір Жаратушының бар екендігіне күмәні жоқтын….”
Шексіз ой, бейне бір өмірі көз алдынан мезеттеп өтіп жатқандай… сол кездің қуанышы да сезіліп, салқынына да тоңдыратындай секілді…!
“Алматыдан үй алатын жылы, азартта жүрген кездері болатын… Ой тәуба!
Сол кездің өзінде жасы алпысқа тақап қалған еді ғой…
Көңіл жас, қартаймайды дейтін… Тәуба!
Мен не ойлап жатырмын?”
Терлеп тепшеп жатып, дәрігерлердің тағы келгенін, өзара әңгімелерін анық естіп жатты…
“… әлі есімде, жұмыстасым Асылбектің жұмыстан кетуіне ықпал еткенім. Сол еңбегім үшін су жаңа автокөлікке, сол кезде қатты қуандым! Ой, тәуба!!!
Неге соншама осындай көрсеқызарлыққа бардым екен?
Не деген қызғанушылық? Алла Тағала, кешіре гөр. Әттең ай, Асылбектің көзі тірі болғанда ғой….
Кешіре гөр…”
“Баламнан, жардан, өзімнен үнемдеген байлық не берді.Қайда қазыр солар..?
Соңында шығар төбемнің шыңында ештеңе жоқ екенін неге уақытында түсінбедім.
кешірші мені… “
“Атақты кісімен кездесіп, марапат алып, атақ алып, елге оралған соң, той беріп бір жастықты еске алғаным… Нәпсімнің құлына айналып, қазырғы халімнің ешқандай мүмкіншіліксіз екенін неге мен кеш түсініп жатырмын?
Бес күн тірлік…!!!” – дейтіндей түпкі ары.
Бөлмеден уй адамдарын шығуын сұраған медбике, атасы қасындағы немересін жылағанына да қарамай есіктен шығарып салды. Қарт көзін ашқысы келетіндей… Жыларғада жас таусылған. Дәрмен жоқ.
Қатты өкініш.
Түпсіз мұң. Жауапсыз сұрақ.
Бағытсыз шексіздік.
Сауапсыз ой.
“Кешірім, кешірім ғана…
Біліп істелінген, білмей істелінген қаншама күнә… шексіз…
Кететін уақыты жақындаған сайын, жүрек соғысыда үдей түсті ме…?
мүмкін бұл соңғы жүрек дабылы болар….???
қайда барам….????
иманым қандай….??? Не күтіп тұр……
“Ей адамзат. Өмірге қонақ екеніңді соңында емес, басында түсінуге нәсіп қылғай. Қиналғанға қол ұшын бер, жесірмен жетімге аяушылық көрсет, бәрін жоғалтсаңда адамшылығыңды жоғалтпа, жақсылықты бол, қайтарымды бол, нәпсіңді таны, жүрегіңді қараңғылықтан сақта. Байлық жеткізетін ашкөздік соңында еш көмегі жоқ” дегісі келетіндей…. Деседе ол оның соңғы демі… Оны айту кештен бұрын мәнсіз екенін түсінгенде ғана бір тамшы ғана еріксіз сезілді.
“Кетіп барамын, мәңгіге, қайда?
Сапар ма екен, білмей дал болдым…
Тұрақтар жерім белгісіз неге?
Ортасындамын екі өмір жолдың.
Барлығы өткінші, не шындық сонда?
Қарт болып тұрып таусылды демім…
Қиянат та бар,
Жақсылықта бар…
Кешірші Аллах, өзіңе сендім.
Қараңғы қайта жанар ма екен…?
Ағарар ма екен айнала???
Қош…адамзат,
қош жарық дүния….
қабылда мені Жер қойнауыңа.”

Өлеріңде өкінген ең жаман сезімдердің бірі шығар.
By: Gastarbaiter on Ақпан 2, 2010
at 14:02