Posted by: Ardak Katarbayev | Наурыз 23, 2010

Көктем…

Өмір өзен бе?
Жылжудан мен қала алман.
Тұлгама тән жылдамдықпенен,
ұшып келемін,
кутемін екпін, желді арттан!
Өмірім бейбіт, биігім алда күтетін,
Ақылын тыңдап,
Санасып жұртпен,
Батасын алған мен қарттан….

Қуат бар шексіз,
Аллаға шүкір,
ешкімнен артта қалмаспын.
Тек қанатым талмасын…
Сүйген жар, ұл қыз,
Бақытта менің жанымда…
Бұзылмасын ой,
Бойдақтар көзін салмасын…
(әйтпесе кетер, көтеріп іште баласын:) )

Түңілгем кейде…
Уақыттар болған…
жабырқап кейде қалатын.
Өтті ол кезең….
Көктемде келді
сауық пен сайран құратын…
Деп қара достым,
тыңдайын сені мұқият…
Қудырды көктем 🙂
Ал нең бар маған айтатын?

Advertisements
Posted by: Ardak Katarbayev | Ақпан 3, 2010

21 dec. 2012

Көптен телевизордан қайталап жатырғаннан ба, әйтеуір бір қорқыныш осы бір датаға орасан. Сол туралы ертемен кофе ішіп отырып көп ойланып, бір күрсініп жіберіп күндегі тірлігіне араласып кетуге бекінді.
Бүгін 21 желтоқсан 2012 жыл. Терезеден төмен қарап тұрып, аязды сезінгендей болды. Дала салқын, үскірік ұлып тұр. Қалың киініп, ұялы телефонымен біраз шаруаның басын қайтарғандай болды, таксист жүргізушісі Самат әлі келе қоймаған екен…
Төменгі подьезд алдында ұзақтау тұрып қалды ма, аязбен салыстырғанда жел де бар сияқты. Машина келген бойдан зу етіп ішіне еніп кетті. Хал жағдай сұрасқаннан кейін, Самат:
-Жер тайғақ…. Такси тоқтатып тұрғандар көп бүгін, қол шығатын болды…
-Радиоңды қоссайшы, не айтып жатыр екен….
-Радиодан ақырзаман дей ма.. Соңғы екі үш күннен бері уақытты кері қойып қойған. Нені қоссаңда тақырып сол болып жатыр… баяғыда бала күнімізде 2000 жылды да солай күтіп едік. Ол кездер қызық еді ғой. Аспаннан тас түседі деді ма, соған кәдімгідей сенетінмін, қазыргысын Мая дей ма бір индеецтің календарының уақыты келген дей ма..
Не болар қояр дейсің… Көрерміз бұйырғанын…
Межелі жерге келген соң, Самат «телефонда болам, керек болсам соғарсың» деп, көшемен тіке тартты. Жұмысқа қанша кірейін десе де ойлар маза бермеді. Тыныштығынан айрылғандай болып, сабырсызданып отырғанында жаңа ұстап отырған кілтін таба алмай қалды… Компьютерін қосып, адресіне жазылған комменттрді бір қарап шықты…. Ойын бұзғысы келіп төмендегі кафетериге шай ішуге барды… Күндегі даяшымен әңгіме құрғысы кеп, бір екі ауыз сұрақ қойып еді, көңілсіз ба екен, қысқа жауап қайтарды… Жұмыста отыра алмайтындығын түсінді ме, бастығынан сұранайын деп қабылдау бөлмесіне келіп еді, сол жердің сылқымы Маржан «Басекең жоқ, болмайтында болу керек. Ауырып қалған ба?» деді тырнағын бояп отырып.
-Маржан, мен ауырып тұрмын ба, ештеңеге зауқым жоқ. Кетіп барам, іздеп жатса үйде болам.
-Түріңіз ауырған адамға ұқсамайды ғой…
-Маржан, қалжың емес….
-Менде Сізбен қалжыңдасып тұрғам жоқ. Сап сау адамды ауырып жатыр деп қалай айтам. Оданда маңыздырақ бірдеңелер десеңізші…. Қалжыңдасатын қажар көрсетіп па едіңіз, м?!
-Жақсы…. мен кеттім. Жұмыспен іздегендерге іссапарда, қалада жоқ дерсің….
Осы қыздың тайсалмай, еркелеген әңгімесіне әлі үйрене алмай жүргенін, жасының ұлғайғандығынан көріп қояды. Дәл қазыр онымен мылжыңдасып тұра алмайтынын сезіп, киініп, сыртқа шықты. Саматқа да соқпай, жолдан такси ұстап, үй жанындағы супермаркетке келді. Іші толған адам, ығы жығы, амал жоқ кезекке тұру керек болды. Алдында тұрған адамдардың да әңгімесі ақырзаман болып жатыр екен… Үндемей тұрып тыңдады.
– Ертең таңертең жер планетасы өз өсінен шығады деиді….
-Ой, мен ондайға сенбеймін…
-Телевизорды қарасайшы. Алдай бермейтін болар. Мұз еріп, тасқын болады деп жатыр….
-Жоқ анод, катод екі зарядтың біреуі тоқтайтын көрінеді.
-ертең 75 пайыз адам кетеді депті ғой, ана дүнияға….
-көрерсіңдер түкте болмайды….
Сөйтіп тұрғанда кезегі келіп, алған тауарларымен есептесіп, шыға берісте жарына телефон соқты.
-қалайсың Анасы…
-отырмыз. Дала салқын, көбі жұмыста жоқ. Мен интернетте отырмын. Сен қайдасың?
-сұранып келе жатырмын… ештеңеге зауқым жоқ, сенде сұранып келсеиш, үйде болайық…
-ауырып қалудан амансың ба әйтеуір, мана танертең оятпай кетіп қалғам… ұйқыңды бұзбайын деп….
-тасташы бәрін Анасы… Үйге кел…
-жақсы, қазыр сұранып көрейін…. Сосын кешегі айтқаның болмайтын болыпты…. Мана бір саитта жазып қойыпты… Конец света отменили деп…. ол негізі бүгін екен ғой… Сандырақ қой әншейін…
-Жақсы онда, басқа не айтасың?
-Казыр сұранып көрем, жібермесе бірақ ренжіме Отағасы. Бастықта бүгін сол аяғымен тұрған..
-жарайды онда мен үйде болам…
– прокатқа соғып кино алып келем. Мана жарнамадан көргем. «Облик Бога» деген кино шығыпты…


Келіншегінің дауысына сүйсініп, қоштасқаннан кейін бүркеніп алып үйге қарай бағыт алды. Қайда қараса да адамдарда қызуқандылық сезілетіндей. Өзіне өзі психиатрға барсам ба екен, неге маған қоршаған орта осыншама әсер етіп тұр, неге шынымен бүгін өмірдің соңғы күн деп аталған, неге оның бәрін адамдар айтып жүр, неге мен сенуім керек деген ойлардың жетегінде келе жатып, подьездге де жақындап қалғанын сезбей қалды. Үйге кіріп, бойын жылытып коридорда біраз отырды. Аяғын шешпестен, баласының үйіне телефон соқты. Келіні көтеріп, саулық сұрасқаннан кейін кешке үйге келулерін айтты. Бір шаруаны ыңғайлағандай болып бөлмедегі телевизорды қосып каналдарын былай ауыстырып, былай ауыстырып, соңында өшіріп тастады. Қисайып жатып көзі ілініп кетіпті….
«Көп малдың арасында жүр екен. Қой, жылқы, сиырда бар екен… Баласыда үстіне ескі кеудеше мен қасында екен. Түнгі уақыт. Бір қызығы қой миялаутындай, ит кісінейтіндей, сиыр үретіндей ма қалай? түк түсінбей жүр…
Баласына сөйлеп еді, өзінің де даусы әйел адамның даусындай болып естілді…..»
Қатты қиналып қара су, қара тер болып оянды. Кеш болып қалған екен…..
Жұмыстан жары, артын ала бере, баласы семьясымен келді. Баласы жұмыстағы бүгінгі болған оқиғаны шайдың басында ұзақ әңгімеледі. Олда ақырзаманға байланысты болған соң, шай басындағы барлық тақырып сол туралы болып кетті. Біраз үнсіздіктен кейін, ұзақ үндемеген отағасы әңгіме түйінін бастады.
-Ал, айналайындар. Бірталай әңгіме осы туралы көптен қозғалып келе жатыр. Ақырзаман болсын, болмасын, мен сендерге мынаны айтқым келеді. Маған ең жақын адамдар сендерсіңдер. Менің өмірім осы қазырмен шектелседе мен бақытты өмір кештім. Сендер менің қуанышымда, бақытымда бола алдыңдар. Мен бәріңе де разымын. Алла жолында намаз оқып, ибадат қылмасамда, жүрісімді дұрыс қылып, ішкі шайтаныммен күресіп жүрген әкелеріңе реніш болса, кешіріп қойыңдар.
– Қой отағасы, ол не…
– Әңгімемді бөлме Анасы…. Сосын айналайындарым бүгінше қоныңдар… Бәріміз бір шаңырақтың астында болайық бүгін. немеремді иіскеп ұйықтамағалыда көп болды…
– Аға, маған ертең ертемен жұмыс дегендей. Дайындайтын қағаздарым да бар еді….
– Ештеңе етпес, таңның атар атпасын білмей тұрғанда, жарығым ау, жұмысың не айтып тұрған. Болды шешілді… Ешкім ешқайда кетпейді… Анасы, балдардың бөлмесін дауындап бер….

Түн жарымға дейін көзі ілінбеді, тұрып терезеден қарады…. Тасып келе жатқан суды көз алдына елестетіп , өз ойынан өзі шошып кетті. Біраз тұрғаннан кейін, бұрын Алматыға барғанда алып келген жайнамазды іздеп, тауып алды. Ұйқысынан тұрған Анасына «жата бер» деп ишара жасап, қонақ бөлмеге шығып жайнамазды жайып, үстінде ұзақ ойланып отырды. Намаз оқи алмайтынына қатты өкініп отырғандай….

Таңертең ұйқыдан ертемен баласы шошытып оятты….
Күн батыстан шыққан. Машиналар жүрмей қалған, телефон, тоқтың, ештеңенің жасамай тұрғанын айтып жатырғаны құлағына жаңғырып шығатындай…..

Posted by: Ardak Katarbayev | Ақпан 2, 2010

Қорытынды…

Түнімен ұйықтай алмай, дәрігерлер де тұла бойын инелеп, денесі көптен қозғалусыз қалған қарт есін біліп жатыр. Сөйлей алмағаны жанына қатты батады, немересі аузын сулап, арасында «аталап» қояды… Бәрін естіп жатыр…
біліп жатыр,
сезіп жатыр…
«…балалық кезі. Атасы Бөкен аңға шыққанда да, балық аулауғада көп ертіп кететін. Неге екенін белгісіз,ол балық аулауды тыныштықты аңсайтын адамдардың кәсібіне санайтын. Қырсыққандай сол кездерде кей күндері балықсыз келетін күндеріде есінде. Сонда да болса атасының маңайынан бір елі қалмай, балыққа жем шашуына да көмектесіп, атасының үйдегілерден қорғаштағанына, әр кезде арашалағына мәз-мәйрам болатын. Күнделікті әдеті бойынша майшам жағар кезде жеңгесі Салиманың бауырына басқанына таңсық қарап, атасының қасына жататын. Бір жазғытұры атасы қатты сырқаттанып, дүние салғанында ол енді атасын көрмейтіндігін толық сезінбеген, сенбеген. Бүгінде қасында отырған немересіне қарап соны сезінетіндей, түсінетіндей….»
«…. Тыныштық ақсақалдың дәрісіне жиі барып жүріп әріп таныды. Атасының сол кісіге «сүйегі менікі, еті сенікі» деп айтқаны әлі есінде. Содан болар әріп танып, ресейге дейін шығып, ел көріп келген. Ауылға жігіт шағында оралғанында Салима жежесі көрші көлемді шақырып, бір мал Құдайы жолы жасағаны, сол күні көршінің Алма есімді қызымен танысып, тынысы тарылғаны да көз алдына кеп жатқандай… »
«…Алма оразада толғағы келіп, тұңғыш ұлы Рамазанын өмірге әкеп қуанғаны, дос құрдастарымен аңға шығып, сол күні семіз киіктің бұйыруын ол Алла Тағаланың берген сыйы деп түсінген. Өмір-өзен деген осы ау….
Ол өзін бір мезетте, ешкім шыңына жете алмас бақытты сезінген! Бүгінде адам баласының көңілі, мейірімі, қанағаты неткен шексіз деп ойланатын. Иланып болсада,бұл жалғанда бір Жаратушының бар екендігіне күмәні жоқтын….»
Шексіз ой, бейне бір өмірі көз алдынан мезеттеп өтіп жатқандай… сол кездің қуанышы да сезіліп, салқынына да тоңдыратындай секілді…!

«Алматыдан үй алатын жылы, азартта жүрген кездері болатын… Ой тәуба!
Сол кездің өзінде жасы алпысқа тақап қалған еді ғой…
Көңіл жас, қартаймайды дейтін… Тәуба!
Мен не ойлап жатырмын?»

Терлеп тепшеп жатып, дәрігерлердің тағы келгенін, өзара әңгімелерін анық естіп жатты…
«… әлі есімде, жұмыстасым Асылбектің жұмыстан кетуіне ықпал еткенім. Сол еңбегім үшін су жаңа автокөлікке, сол кезде қатты қуандым! Ой, тәуба!!!
Неге соншама осындай көрсеқызарлыққа бардым екен?
Не деген қызғанушылық? Алла Тағала, кешіре гөр. Әттең ай, Асылбектің көзі тірі болғанда ғой….
Кешіре гөр…»

«Баламнан, жардан, өзімнен үнемдеген байлық не берді.Қайда қазыр солар..?
Соңында шығар төбемнің шыңында ештеңе жоқ екенін неге уақытында түсінбедім.
кешірші мені… »

«Атақты кісімен кездесіп, марапат алып, атақ алып, елге оралған соң, той беріп бір жастықты еске алғаным… Нәпсімнің құлына айналып, қазырғы халімнің ешқандай мүмкіншіліксіз екенін неге мен кеш түсініп жатырмын?
Бес күн тірлік…!!!» – дейтіндей түпкі ары.

Бөлмеден уй адамдарын шығуын сұраған медбике, атасы қасындағы немересін жылағанына да қарамай есіктен шығарып салды. Қарт көзін ашқысы келетіндей… Жыларғада жас таусылған. Дәрмен жоқ.
Қатты өкініш.
Түпсіз мұң. Жауапсыз сұрақ.
Бағытсыз шексіздік.
Сауапсыз ой.
«Кешірім, кешірім ғана…
Біліп істелінген, білмей істелінген қаншама күнә… шексіз…
Кететін уақыты жақындаған сайын, жүрек соғысыда үдей түсті ме…?
мүмкін бұл соңғы жүрек дабылы болар….???
қайда барам….????
иманым қандай….??? Не күтіп тұр……
«Ей адамзат. Өмірге қонақ екеніңді соңында емес, басында түсінуге нәсіп қылғай. Қиналғанға қол ұшын бер, жесірмен жетімге аяушылық көрсет, бәрін жоғалтсаңда адамшылығыңды жоғалтпа, жақсылықты бол, қайтарымды бол, нәпсіңді таны, жүрегіңді қараңғылықтан сақта. Байлық жеткізетін ашкөздік соңында еш көмегі жоқ» дегісі келетіндей…. Деседе ол оның соңғы демі… Оны айту кештен бұрын мәнсіз екенін түсінгенде ғана бір тамшы ғана еріксіз сезілді.

«Кетіп барамын, мәңгіге, қайда?
Сапар ма екен, білмей дал болдым…
Тұрақтар жерім белгісіз неге?
Ортасындамын екі өмір жолдың.
Барлығы өткінші, не шындық сонда?
Қарт болып тұрып таусылды демім…
Қиянат та бар,
Жақсылықта бар…
Кешірші Аллах, өзіңе сендім.
Қараңғы қайта жанар ма екен…?
Ағарар ма екен айнала???
Қош…адамзат,
қош жарық дүния….
қабылда мені Жер қойнауыңа.»

Барлығыңа бұйырар несібе

Posted by: Ardak Katarbayev | Желтоқсан 19, 2009

Серпіліс

Ертемен ұйқыдан тұрып……
Шындығында ұйқы дейтіндей де ұйқы болмады. Тыпыршып, ананы ойлап, мынаны ойлап жата алмапты. Таң ата бір стақан кофемен орыстың каналдарын аралап, ел тірілетін таңғы 9-00 ға келіп жетті…
Мен ұшырған кептерлер
Жетістікке жететіне еш күмәнсіз ойлар келіп, дәл қазырғы жігерінде кез келген проблемаңды шеше алатындай қуат бойға сыймай, ми шарықтау шегінің көгіне көз жеткізе алмайтындай шабыт. Тылсым бір қуаттылық, өз тәніне сиятын мөлшерденде тым артықтығы көңілінің жарқырауына әсері болды ма, жадыраған үстіне жадырай түсті.
-ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭйййййй, мен бақыттымын – дегісі келетіндей. Қанаттыға қақтырмайтын ең қымбаттылары жанұясының өкілдерін үлкенінен бастап маңдайларынан иіскеп, шыртиып киініп, машинасына отырып жарыққа шықты.
Мәссаған…
Көше қаптаған қазағым!!!

Ұрандар!!!
Бәрі көңілді!!!
Ол қуаныштың жасандылық па, жоқ па шаруасы болмаса да, ондағылардың көбісі жүрмеске лаж жоқ кейіпін сездіретіндей. Өз бойындағы бүгінгі тақырыпсыз, еріксіз келген көңіл күйді қолпаштап тұрғаннан кейін, оған бас ауыртудың артық екені айдан анық.
«Тәуелсіздіктеріңмен Қазақстандықтар!
Бостандықты шын сезіну айтылатындығынан да керемет!
Тәуелсіз елдің тәуелсіз тұлғалары қаптаған ортада, бейбіт өмір, мәдениетті қатынас пен қатар ұлттық, имандылық тағылымды жетістіктерде көп болсын.
Сен – осында туылғаның үшін ғана қымбат саған Қазақстан!!!
Жасасын Қазақстан мәңгі!!!
Жасасын Нұратам мәңгі- дегісі келетіндей…

Posted by: Ardak Katarbayev | Қараша 26, 2009

Құрбан-Айт

Ағузу билаһиминиш шайтани раджим,
Биссимилаһи рахмани рахим!

Өлілерді еске алатын Шектік, содан соң тіршілігімізге шүкіршілік ету күні 27 қараша мұсылмандардың қасиетті мерекесі – Құрбан айт мейрамы он болсын. Қабыл болғай…!
Жылдан жылға еліміз жаманшылықтан аман, бейбіт шаңырақтың астында өмір сүріп келеміз. Жақсы сөз -жарым ырыс.
Барлық Қазақстандықтардың жанұяларына ырыс пен береке, бақыт келсін. Дендеріңіз сау болып, туыс бауырларыңыз бүтін болғай. Адамзат баласының тірлікте жасалған күнәларын тірлігінде тәубасына келіп, ақырзаманның ауылы алыстағай.

Үш күн айтта жүректеріңізге жақын отбасыларын аралап, ренжіткендеріңнен кешірім сұрау, ренжігендеріңе кешірім беруге жақсы мүмкіндік. Кешірімді болып, жақсы қуанышты күндерде бейбітшілік пен достықта жолықтырып, адал ниеттеріңіз жүректеріңізге иман үялатсын.
Біліп істелінген, білмей істелінген күнәлар Алла Тағаланың мейірімі мен шапағатының қасында түкке тұрғысыз,
Иман келтір, тәубаға кел Пенде!
Ниеттеріңіз қабыл болсын!

Аумин!

Posted by: Ardak Katarbayev | Қараша 25, 2009

Көріскенше, Қазнет!

БАҚ дегенде қып қызыл қызық боп кеткен…
Бір біріне күйе жаққан тірліктер.
оқығанға сеніп өскен мен бейбақ,
авторлық құқық, теңдік дер!

Қазнетте өткен минуты қымбат уақытым,
қалайша екен, еріксіз саған шарпыдым…
өте көп инфо, пайдасы бар ма осының?
шығының да көп, жалықпадым бірақ тарықтым.

Әлеммен онлаин боп тұру неткен ғажап ақ,
дегендей мені өзіңе жақын тартасың.
Қолыммен ұстап сезінгім келед, Ғаламтор,
Қайдасың айтшы, қабырғаларың, жартасың?

Сен ұрысың, ұрлайсың адам уақытын,
Бермеймін бірақ, кусогын да сағанбақыттың.
Провайдерлер ай, осынша неге тым қымбат
Аржағы тегін, бағасы арзан жақұттың…?

Хат тексермей мен обедке мүлдем шықпаймын,
Таңғы шайдыда сенімен бірге баптаймын.
Блог ашқам, әрбір кезде әртүрлі,
коменттермен келіспеймін, кейде құптаймын.

Таныстарымда көп, достарым менің қаншама?!,
Түнімен отырып, жататын барып таң шала…
Клавиатура мен тышқандар көп қой базарда,
Бір өтінішім, жосткиым менің шаршама…!

Саиттар мен портал, блог, бетше, ұсыныс….
толып жатқан электронды құбылыс…..
Жарнамаларда көзіңнің отын алады,
Жылтырақ беті, асты ыс!!!

Өкпемді айтып отырып қаппын тағы да,
Өшірем сені, POWER ді басып, қарама маған қамыға…
Паркке кеттім, шаршадым сеннен шынымен,
тек кездесейік ара тұра, жабыға…

Posted by: Ardak Katarbayev | Қазан 14, 2009

Арман

Ұйқыдан тұрысымен, бір керіліп жіберіп, есік алдына жүгіріп шығып  Үнді мұхитына күмп етті… Осы мұхитты көзбен көру көптен ойлаған іс болатын. Кинолардағыдай сүйіктісіне кофені төсекке апарып еді, жаңа жатқан Аруы орнында жоқ. Аула ішіндегі бассеинде шылпылдатып жүргенін көргенде өзін тағыда бақыттырақ сезініп, Аллаға шүкіршілік айтты.

Жағалауда жүгіруді әдетке айналдырған екеуі аяқтары сырқырасада тағы жүгіріске шықты. Бүгін оң жаққа қарай бағыт алды…. Не деген керемет бейнелер…..  Таңғалыстан қол ұстасып шаршағандарында сезер емес….

Бесжұлдызды қонақ үй төртжұлдыздымен салыстырғанда ақша жағынан болмаса басқа өзгерістің  жоғын білседе  олар бесжұлдыздыны таңдаған… Күнделікті әдет бойынша  швейцар Грег күле қарсы алды… Түстеніп болған соң, елден хабар алайын деп ауылға қоңырау шалды… Әке шешесі бәрінің  жақсы екенін айтып,  Қажылық сапарлары туралы көп әңгімеледі.  Олар балаларын ата әжесінің қолына тастап кеткен болатын… Кіші балаларының да сабақта екенін айтып, томсырайып көп сөйлемейтінідігін айтты. Сағынып жүрген болар….

Ауылға бір барып келгендей сезімді иемденіп алып, үлкен ұлына қоңырау  шалды. Недоступен. Ол Оксфордты таңдаған кезінде қобалжығанындай тағы бір  сілкініс алды… Тез келіп, тез кететін үрей сезім…Сүйіктісіне сабақта болар  дегендей сыңай танытып, тағы соғып қарады…. Енді барып тұр….

Көзі мөлтілдеп тұрған сүйіктісінен  енді қуаныштың райы байқалды. Амандық саулық сұрасқаннан кейін, сабағының қиындап жүргенін айтып, әке шешені ойландыратын, саналы сөздер айтып тұрғанына шын қуанды…. Көрерсің, ол үлкен азамат болады деп мығым бекіді…

Жарқын ойлары аласұрып, өзін бір қыран құстай сезініп суйіктісін құшарлана сүйіп, көтеріп алды….  Етегінің ашылып кеткеніне қылымсып, жары,  даусын қаттырақ шығарып күліп жібергендей….

Саябақ  жанына кеп тоқтаған қара галандваген өздеріне келгенін түсінген ол, кешкі асты  қала ортасындағы шулы мейрамханаға баратынын жоспарлаған.  Қара смокинг киіп айна алдында  таранып тұрғанда ,жатын бөлмеден шыққан жарына таңқалыспен қараған күйә қатып қалды. Үйленген кездеріндегі бейнесі  сол қалпы. Неткен әдемі жан…  Сұлулығы шексіз жарын құшырлана иіскеп, аймалап жатырғанда, ләззатқа беріліп кету қаупі туатынын сезген екеуі мұрындарымен шүйіркелесті де қойды…

Азғантай ішкен виноның басын айналдырып түрғанын сезіп, бөлмеге келіп сағатын қарағанда түнгі үш жарым шамасы болатын…. Сүйіктісі  ванна қабылдап жатырған болатын. Интернетке отырып салымдарын қарап басайналдырарлық таңқалысқа тап келді. Досының  қоярда қоймай, өзі білмесе де, әйтеуір шетелдік компанияның  алдырған акциялары 46% өсім көрсетіп тұрғанын көріп, ИЯ деп айқайлап жіберді.  Халатына сүріне қабына, шошыған көзқараспен  сүйіктісі  жүгіре келді… Үндеместен, сүйіктісінің  халаты бауын ағыта көтеріп алып, жатын бөлменің есігін бір тепті…

Posted by: Ardak Katarbayev | Қазан 14, 2009

Сергелдең

Бір жауапты бірнеше күн күтіп, аяқсыз қалуы да мүмкін, жағымсыз жауап алуы да мүмкін, жалпы бәріде мүмкін. Бәрінен де күткен жаман, сол процесті  кешу керек екенін білседе тағатсыздана, аптыға тыпырлап күту қарапайым жағдайға айналған…

  • Болашақтан үміт күту
  • Жұмыс аяғының аяқталуын күту
  • Қалтафонға бірлік енгізгендегі күту
  • Ақшаның түсуін күту
  • Сәби күту
  • Жанұяны, бала шағаны күту
  • Басталған істің аяқталуын күту
  • Қарттықты, өлімді күту
  • Бостандықты күту
  • не екені белгісіз күту
  • Тамақтың  пісуін  күту

Шексіз күту…….

Адам баласы ізденісте өмірдің соңына дейін жүретіні таңқалдырарлық. Жасы жетпіске келген қарттың да арманы бар, әлі ізденісте жүргені, сұрақтарына жауап іздеп күтуді жалғастыруын тоқтата алмайтындығы  пәнидің  өткінші екенін растайтындай…  Жалған тірлік деген  тіркестің де бар екені жыпылықтайды…

Не деген шарасыздық?!

Осындай сергелдеңде  серпіліп отырғанда күтпеген жерден қоңырау шырылдасын . Факстың дауысын басып қоюды ойласада ұмытып кете беретін. Тағыда шошып кетіп, барып телефон құлақшасын көтерді… Байланыстың аржағындағы кісі дұрыс түскендігін тексеріп алғаннан кейін, қазыр бастығымен қосатынын айтты да:

– Сәл күте түрыңыз… Пожалуйста ждите… Сәл күте тұрыңыз…

Тағыда күту, еріксіз күту…..

Posted by: Ardak Katarbayev | Қазан 13, 2009

Өмір паролі

Өзіне жоспар құрып жүруді әдетке айналдырдым дегенімен арасында сол жоспарды орындауға уақытта таба алмайтын…

Кейде үлгереді, кейде жазуды ұмытып кетеді… Әр күнде әр түрлі арпалыс…

Бір қызығы не жазады сол орындалатын… шынында да…

  • Жақсы мамандардың қатарына  ілікті. Айналдырған екі жылдың ішінде қымбат қажетті маман болып шыға келді.
  • Жары Аруға да автомат коробка Фолксфаген алып берді.
  • Депозитында шоттағы қаржы  14 000 000 теңгеге жеткен. Пайызының өзі қуантады ай сайын.
  • Жаңа жылды  Индияның ГОА аралында қарсы алды.
  • Сүйіктісіде ыңғайына қарай көне беретін.
  • Қоршаған адамдар тек күле қарайтындай ма…?!
  • Бәрі жағымды….

Өз өмірің өзің қолыңда деген тіркесті тікелей қабылдап, бостандықты сүйер тұлға жоспар жазып жүрсе барлығы да орындалады деген қағиданы ұстанатындай…..  Рас…

Және сол орындалады…

Сенгісіз, бірақ  солай…!

Posted by: Ardak Katarbayev | Қазан 13, 2009

Мәңгүрттер

Кешкі сағат 17-00 ді асыға күткенмен,  уақыт асықпады. Сіңлісіде соны асыға күтіп бүгін жұмыстан ертелеу келген. Қызықты жерінде біткен 27 сериясының  ізі қалай болар екен деген оймен жартылай жүріп кешкі асын ішкендей болды.

Жүмыстасының  ұялы қалтафонға соғып жатырғанын көрсе де көтермеді. Бүгін кешкісін өтіп кеткен туған күнін кафеде өткізетінін естіген. Құрсыншы….!

Сіңлісімен кешегі болған серияны талқыласа да, бір асығыстықты бойынан сезеді.  Балаларын да балабақшадан алып келетін уақыт жақындады… Тыпыршып әр каналды ауыстырып отырыпта уақыт өткізуді әдетке айналдырғанын сезбейтіндей…

Басталды ау….әйтеуір!

Тарелкасына тамағын толтырып алып, касығын ұмытып кеткенін барып отырғаннан кейін білсе де, тапжылмады. Қолмен жеуді де жақсы көретін…

Жарты сағат бойына сүйетін сериялын қозғалмай отырып қарады. Арасында жылады, арасында қуанды…. Толық ұмытылыс!

-Назар ханымды шын аяйды, Жаппар төренің де импотенттігін түсінетіндей, Али мұғалімның не жазығы бар?

Өз өміріне мәнсіз, тәрбиесіз түріктің кезекті қойылымына басы айналып шырғалаңға түскенін сезбеседе,  Назар ханымның жағдайын сезінетіндей….

Бейшара….

Сүйіктісіде жұмыстан келе сала, «не болып  жатыр?, кешкі асты балабақшадан келген соң  ішерміз» деп қасына жайғасты…

Біткенін білдіретін жазу шыға, көз жасын тиғандай болды… кеуіп те кеткен бе…?

Сериал біте салысымен, кинодағы  әркімнің қателігі туралы өткен 47 минут туралы айту күнделікті әдетіне айналып, балабақшаға да қалай жақындап қалғанын сезбеді…

Older Posts »

Санаттар