Posted by: ardasau | Қазан 14, 2009

Арман

Ұйқыдан тұрысымен, бір керіліп жіберіп, есік алдына жүгіріп шығып  Үнді мұхитына күмп етті… Осы мұхитты көзбен көру көптен ойлаған іс болатын. Кинолардағыдай сүйіктісіне кофені төсекке апарып еді, жаңа жатқан Аруы орнында жоқ. Аула ішіндегі бассеинде шылпылдатып жүргенін көргенде өзін тағыда бақыттырақ сезініп, Аллаға шүкіршілік айтты.

Жағалауда жүгіруді әдетке айналдырған екеуі аяқтары сырқырасада тағы жүгіріске шықты. Бүгін оң жаққа қарай бағыт алды…. Не деген керемет бейнелер…..  Таңғалыстан қол ұстасып шаршағандарында сезер емес….

Бесжұлдызды қонақ үй төртжұлдыздымен салыстырғанда ақша жағынан болмаса басқа өзгерістің  жоғын білседе  олар бесжұлдыздыны таңдаған… Күнделікті әдет бойынша  швейцар Грег күле қарсы алды… Түстеніп болған соң, елден хабар алайын деп ауылға қоңырау шалды… Әке шешесі бәрінің  жақсы екенін айтып,  Қажылық сапарлары туралы көп әңгімеледі.  Олар балаларын ата әжесінің қолына тастап кеткен болатын… Кіші балаларының да сабақта екенін айтып, томсырайып көп сөйлемейтінідігін айтты. Сағынып жүрген болар….

Ауылға бір барып келгендей сезімді иемденіп алып, үлкен ұлына қоңырау  шалды. Недоступен. Ол Оксфордты таңдаған кезінде қобалжығанындай тағы бір  сілкініс алды… Тез келіп, тез кететін үрей сезім…Сүйіктісіне сабақта болар  дегендей сыңай танытып, тағы соғып қарады…. Енді барып тұр….

Көзі мөлтілдеп тұрған сүйіктісінен  енді қуаныштың райы байқалды. Амандық саулық сұрасқаннан кейін, сабағының қиындап жүргенін айтып, әке шешені ойландыратын, саналы сөздер айтып тұрғанына шын қуанды…. Көрерсің, ол үлкен азамат болады деп мығым бекіді…

Жарқын ойлары аласұрып, өзін бір қыран құстай сезініп суйіктісін құшарлана сүйіп, көтеріп алды….  Етегінің ашылып кеткеніне қылымсып, жары,  даусын қаттырақ шығарып күліп жібергендей….

Саябақ  жанына кеп тоқтаған қара галандваген өздеріне келгенін түсінген ол, кешкі асты  қала ортасындағы шулы мейрамханаға баратынын жоспарлаған.  Қара смокинг киіп айна алдында  таранып тұрғанда ,жатын бөлмеден шыққан жарына таңқалыспен қараған күйә қатып қалды. Үйленген кездеріндегі бейнесі  сол қалпы. Неткен әдемі жан…  Сұлулығы шексіз жарын құшырлана иіскеп, аймалап жатырғанда, ләззатқа беріліп кету қаупі туатынын сезген екеуі мұрындарымен шүйіркелесті де қойды…

Азғантай ішкен виноның басын айналдырып түрғанын сезіп, бөлмеге келіп сағатын қарағанда түнгі үш жарым шамасы болатын…. Сүйіктісі  ванна қабылдап жатырған болатын. Интернетке отырып салымдарын қарап басайналдырарлық таңқалысқа тап келді. Досының  қоярда қоймай, өзі білмесе де, әйтеуір шетелдік компанияның  алдырған акциялары 46% өсім көрсетіп тұрғанын көріп, ИЯ деп айқайлап жіберді.  Халатына сүріне қабына, шошыған көзқараспен  сүйіктісі  жүгіре келді… Үндеместен, сүйіктісінің  халаты бауын ағыта көтеріп алып, жатын бөлменің есігін бір тепті…

Posted by: ardasau | Қазан 14, 2009

Сергелдең

Бір жауапты бірнеше күн күтіп, аяқсыз қалуы да мүмкін, жағымсыз жауап алуы да мүмкін, жалпы бәріде мүмкін. Бәрінен де күткен жаман, сол процесті  кешу керек екенін білседе тағатсыздана, аптыға тыпырлап күту қарапайым жағдайға айналған…

  • Болашақтан үміт күту
  • Жұмыс аяғының аяқталуын күту
  • Қалтафонға бірлік енгізгендегі күту
  • Ақшаның түсуін күту
  • Сәби күту
  • Жанұяны, бала шағаны күту
  • Басталған істің аяқталуын күту
  • Қарттықты, өлімді күту
  • Бостандықты күту
  • не екені белгісіз күту
  • Тамақтың  пісуін  күту

Шексіз күту…….

Адам баласы ізденісте өмірдің соңына дейін жүретіні таңқалдырарлық. Жасы жетпіске келген қарттың да арманы бар, әлі ізденісте жүргені, сұрақтарына жауап іздеп күтуді жалғастыруын тоқтата алмайтындығы  пәнидің  өткінші екенін растайтындай…  Жалған тірлік деген  тіркестің де бар екені жыпылықтайды…

Не деген шарасыздық?!

Осындай сергелдеңде  серпіліп отырғанда күтпеген жерден қоңырау шырылдасын . Факстың дауысын басып қоюды ойласада ұмытып кете беретін. Тағыда шошып кетіп, барып телефон құлақшасын көтерді… Байланыстың аржағындағы кісі дұрыс түскендігін тексеріп алғаннан кейін, қазыр бастығымен қосатынын айтты да:

- Сәл күте түрыңыз… Пожалуйста ждите… Сәл күте тұрыңыз…

Тағыда күту, еріксіз күту…..

Posted by: ardasau | Қазан 13, 2009

Өмір паролі

Өзіне жоспар құрып жүруді әдетке айналдырдым дегенімен арасында сол жоспарды орындауға уақытта таба алмайтын…

Кейде үлгереді, кейде жазуды ұмытып кетеді… Әр күнде әр түрлі арпалыс…

Бір қызығы не жазады сол орындалатын… шынында да…

  • Жақсы мамандардың қатарына  ілікті. Айналдырған екі жылдың ішінде қымбат қажетті маман болып шыға келді.
  • Жары Аруға да автомат коробка Фолксфаген алып берді.
  • Депозитында шоттағы қаржы  14 000 000 теңгеге жеткен. Пайызының өзі қуантады ай сайын.
  • Жаңа жылды  Индияның ГОА аралында қарсы алды.
  • Сүйіктісіде ыңғайына қарай көне беретін.
  • Қоршаған адамдар тек күле қарайтындай ма…?!
  • Бәрі жағымды….

Өз өмірің өзің қолыңда деген тіркесті тікелей қабылдап, бостандықты сүйер тұлға жоспар жазып жүрсе барлығы да орындалады деген қағиданы ұстанатындай…..  Рас…

Және сол орындалады…

Сенгісіз, бірақ  солай…!

Posted by: ardasau | Қазан 13, 2009

Мәңгүрттер

Кешкі сағат 17-00 ді асыға күткенмен,  уақыт асықпады. Сіңлісіде соны асыға күтіп бүгін жұмыстан ертелеу келген. Қызықты жерінде біткен 27 сериясының  ізі қалай болар екен деген оймен жартылай жүріп кешкі асын ішкендей болды.

Жүмыстасының  ұялы қалтафонға соғып жатырғанын көрсе де көтермеді. Бүгін кешкісін өтіп кеткен туған күнін кафеде өткізетінін естіген. Құрсыншы….!

Сіңлісімен кешегі болған серияны талқыласа да, бір асығыстықты бойынан сезеді.  Балаларын да балабақшадан алып келетін уақыт жақындады… Тыпыршып әр каналды ауыстырып отырыпта уақыт өткізуді әдетке айналдырғанын сезбейтіндей…

Басталды ау….әйтеуір!

Тарелкасына тамағын толтырып алып, касығын ұмытып кеткенін барып отырғаннан кейін білсе де, тапжылмады. Қолмен жеуді де жақсы көретін…

Жарты сағат бойына сүйетін сериялын қозғалмай отырып қарады. Арасында жылады, арасында қуанды…. Толық ұмытылыс!

-Назар ханымды шын аяйды, Жаппар төренің де импотенттігін түсінетіндей, Али мұғалімның не жазығы бар?

Өз өміріне мәнсіз, тәрбиесіз түріктің кезекті қойылымына басы айналып шырғалаңға түскенін сезбеседе,  Назар ханымның жағдайын сезінетіндей….

Бейшара….

Сүйіктісіде жұмыстан келе сала, “не болып  жатыр?, кешкі асты балабақшадан келген соң  ішерміз” деп қасына жайғасты…

Біткенін білдіретін жазу шыға, көз жасын тиғандай болды… кеуіп те кеткен бе…?

Сериал біте салысымен, кинодағы  әркімнің қателігі туралы өткен 47 минут туралы айту күнделікті әдетіне айналып, балабақшаға да қалай жақындап қалғанын сезбеді…

Posted by: ardasau | Қазан 7, 2009

Қараңғылық…

Ұжым болып жабылып олар келетін қонақты асыға күтті…  Үлкен қонақ.  Шетел компаниясының  президенті, атақты инвестор алғаш рет қазақ жеріне келеді екен, келісім шарттар жасауы да ықтимал.  Келетін делегаттар саныда анықталып,   қаладағы үлкен Қонақ үйден арнайы  номерлер де алып қойылған.  Күтіп алатын көлік сандары мен арнайы күтушілер, ұйымдастыру алқасы сияқты барлық  шаралар дайындалу сәті…

Екі күннен бергі дайындық  Үмітті шаршатқан ба, әлде  бүгінде сол аяғымен тұрған ба, келер келместен дайындыққа кірісіп кетті. Әркімнің  атқарып жатырған жұмыстарынан кір іздеп, айқайлап,  ұрсып,  ұжымдастардың берекетін ала бастады. Себебі ол жұмыстардың  барлығы Үмітке  тапсырылған болатын. Қонақ  келер күн – бүгін.

-Үйлеріңде жүрген жоқсындар ғой…. тездетсеңші

Үміт  бәріне “сен”ге  ұжымдас болған күннен бастап кірісіп кеткен.

-Ананы байқаңдар, сындырып аларсыңдар, көздеріңе қараңдар…

-Ол кісілер бәрін байқайды….

-Не деген жайсындар… Болсаңдаршы….

Дызылдап жүрген Үміттің  қалтафоны шырылдап, ұжымдастарының  құлақтары бір тынышталғандай болды…

- Алло,  ия,  ия, залмен сөйлесілді, ия, аэропортқа  шығатын көлікте дайын, түскеннен бойдан мейрамханаға келіп астану, ия, үш мейрамхана жаптырдық, барлығы дайын…   ия, барлығы  ВИП,  сауна дайын, ия…. болады…. казыр….

- Так, біз кеттік. Барын ойдағыдай қылып қоярсыңдар.  Нұржан осы жерге жауап бересің.  Дина лифт шақыра бер. Мен үстіме плащымды іліп шығайын.  Машиналар дайындала берсін…..

Журналистерді есептемегенде күтіп алушылар санының өзі 27 адам екен. Үміт сағатына қарап  әріптестерінің  маңында тағатсыздана тыпырлаумен тұрғанда жеке самолеттың  жақсы қонғаны туралы хабар келді. Арнайы жайылған қызыл  кілемше, фотоаппаратшылар,  ұлттық киім киген гүл ұстаған қыздар…  Есігін айқара ашып  ішке асығыстанған  шет ел азаматы енді. Артында сөмкелерін ұстаған бір ғана көмекшісі бар. Шикі сарыны суретке түсіру басталып ақ кетті.  Жай ғана жымиып, күтушілердің барлығымен амандасып шықты.  Рахметін жаудырып жатыр, кімнің  келгенін түсінбей қалған күтушілер қол шапалақтаудан басқа  шарасыз боп қалды.  Қонақтар көліктерге жайғасқан соң , Үміт асығыстана көлікке мініп, мейрамханаға жол тартты.  Асығыс ішке кіріп, столдарды бір қарап шығып тынымсызданып жүргенінде телефоны шырылдады….

-алло,  ия… тындап тұрмын…

-бәрін бүгінше қайтара сал… бұл келген ассистенті екені. Оның  өзі ертең  келетін көрінеді. Бораттың  фильмін  көрген инвесторымыз, әуелі барлаушысын жібергенге ұқсайды… Бірақ барлығы ертеңге дұрыс дайын болатын болсын. Ұят болады….

Posted by: ardasau | Қазан 7, 2009

Тек қана алға!

Мен нұротандық  емеспін, бірақ  “Тек қана алға” менің бағытым!

Ашық күнде жаңбыр жауатынын білгенмен, тымырсық күнде дауыл тұратындығын білмепті. Елдің  жартысын басқа ұлт  өкілдері  жайлағанмен, халықтың сауат тұрғысында жарты пайызды да көрсетпейтіндігін  мойындаған  кезеңдер…..

Дамыған елу ел қатарына ену бағыты.  Кәсіпкерлікті жақсы дамытқан тұс, үш адамның үшеуі де саудагер.

..айтқандай мектепте төмен оқып, сегізінші сыныбында мектептен қуылған Үсен бүгінде күйлі.  Жақында катерь алыпты…

Қарбалас сауда!!! Салық төлеушілер саны арта түскен сайын арта түс.

Қазақстан-2030, бағыттар, стратегиялар… Келешекке ашық жарқын гүл жайнаған сезімдер, сенімдер…..

Көзі ашық жастар  шет елдерден білім алып, ауылға өркениеттілік тасуда…  Фундаментсіз қозғалыстар елді елең еткізетіндей…

Жобалардың көпшілігі іске асуда… Оралмандарды қайтару эпопеясы сәтті жазылды.  Діни тұрғыда сауапты іс болар. Көтере алмасаң қосып арқала. Қазағы қайсы, қалпағы қайсы, ұйғыры қайсы белгісіз. Тартысқан менсінбес  ұлтаралық қатынастар.

Биік мұнаралар! Неткен ғажап ғимараттар! Саяжайлар…… Олар кімдер үшін салынған?

Діріліңнің ызыңы бар, тәй тәй басқан Банктер. Халықтың сауатсыздығын пайдаланып,  айтар пайызы мен қояр пайызы екі түрлі , бейне бір  айна артында қол шығарып тұрған өзің секілді….

Коррупция, гламур, шоу бизнес, ақырзаман, дискриминация күнделікті қолданбалы сөздер. Ақшаның ролі бәрінен де басымырақ. Теңге үшін табаныңды да жалататын заманда ләззаттың да айыз қандырарлық бірнеше түрге бөлініп, ортақ тақырыпқа айналды. Адамзатты надани мас күйінде ұстап тұруға  жақсы көмектесетін ТВ туралы айтудың еш қажеттілігі жоқ.

Ұрпағын ойлап жатырған ақсақалы жоқ ауылдай… Керісінше ақсақалды тыңдамайтын ұрпақ көш қатарында…Төрінен көрі жақындар,  мансап пен билікті аңсап, отырған орындарына кілейленіп қалған кәрі организмдерге қуат беретін осынау доллардың  құны дағдарыс кезінде күшіне мінді.  Туыңды биік  ұстайтын білек қайдасың?  Әлемнің  қалтасын қақсатқан Дағдарыс бізге таңсық еместей…  Қалтасында дағдарыс о бастан бар, халқымның,  басында ма сол дүрбелең…? Шүкіршілік етіп өткен бас…..

Астындағы шикізатты өндіріп өзіне қайта сатып отырған шет елдік қызмет көрсетушілер аса мәз… Тиындап беріп, тенгелеп алу таптырмас кәсіп. Жерді де сорып, сорып арасында жөтелтіп қояды…..

Шырғалаң!

Бәрі де әлі талай жақсы болады! Неткен керемет сөз тіркесі. Нық сенім беретіндей…

Ащы да болса шындық па деп қорқады… Қайда бара жатырсын?

Аласапыранда ақ жолыңнан айырылма, қазақ!

Posted by: ardasau | Қазан 4, 2009

Кооператив “Арпалыс”

Шыррр.

  • Ало…..
  • Қайырлы таң.
  • Қайырлы…
  • Саламатсыз ба? Тапсырыс  береиін деп ем…
  • Айта беріңіз….
  • Жеңіл мүмкіншіліктеріңіз?
  • Алдын ала елу пайызын төлеп тастау керек, мекен жай бойынша келіп, дизаинын тандап дегендей….
  • Канша уакытта дайын болар екен?
  • Ол енді өзіңізге байланысты, егер казыр төлесеңіз, он куннен дайын болады…..
  • ертен есептесілсе ше…..?
  • Ол кезде белгісіз….
  • жарайды, хабарласармын….
  • сау болыныз…..

Шырррр….

  • Ия, апа…
  • Амансын ба балам. Дауысыңды сағындық. Қалайсың?
  • Аманшылык, журіп жатқан. Бары жақсы, Апа.
  • Үй жаққа соғып кетсеңші, әкең де уайымдап жур. Сұрап қояды.
  • Қазыр апа жұмыс, сабақ дегендей…
  • Әкеңнің де айтары бар ма…
  • Апа, ұялы телефон деген сол үшін жасалған ғой…. айта берсеңдерші…
  • Бір келсейші асықпай, қой сойып, үйде болып, қонып…  қарағым…
  • жарайда апа, тырысамын, бірақ осы апта емес….
  • Жарайды құлыным күтем,  Аллаға аманат…..
  • Жақсы апа….

Шырр…..

  • Саламатсыз ба….
  • Ия тындап тұрмын…
  • Салық  комитетінен ғой.. Соңғы кварталға тапсырған отчеттарыңыздың  хабарламаларының көшірмесі керек еді…
  • мен электронды тапсырдым гой…
  • Ендеше қазыр салыққа кеп кетіңізші…
  • жарайды….

Шыррр……

  • Ия….
  • Саумайкүм, бүгін біздің  тапсырыстың бітетін күні еді, не болды екен….
  • Кешірім сұраймын, техникалық ақауларға байланысты дайын емес болып тұр, дайын болған кезде өзім соғам….
  • қашан…
  • жақында…. бүгін, ертең…
  • жарайды, күтем
  • сау болыңыз…..

Шыррр……

  • Ай, Құрдасым қалайсың?
  • Салем.
  • Қалайсың… не істеп жатырсың..
  • Бармыз ғой…..  Бір таусылмайтын шабыс….
  • Қайдасың….
  • Салыққа кеп жатырмын…. шаруамен…. артынан хабарласайық, давай…..

Шыррр…….

  • Саламатсыз ба….
  • ия… саламатсыз.
  • Мен сізбен жүздесем ба дегем…
  • не сұрақ бойынша….?
  • Жақсы жоба бар еді…. сол бойынша кеңес алуға деуге де болады…. немесе өте жақсы  ұсыныс деуге де болады…
  • Жарайды осы номерге босаған соң хабарласармын….
  • Жақсы күтем….  Бүгін бірігіп түскі ас ішсек қалай болар екен?
  • Жарайды….

Шыррр…..

  • Сен соғам дейсің де соқпайсың ғой…. Құрдас ау
  • Ия не болды, айте бер…
  • Қайдасың, манағы жердесің ба….
  • Мен елбасы емеспін ғой, бір орнында отыра беретін, кетіп қалғам ол жерден…
  • қарызға ақша керек еді…..
  • сол нарсе бәрімізге де керек еді…. бар жері болса бізге де қарай жүр
  • Маған екі үш  күнге…
  • Ренжіме….

Шыррр………..

  • Саламатсыз ба….
  • Ия
  • Мен осыдан үш ай бұрын сізден тапсырыспен тауар алғам…  енді жасамай тұр… не деген салақтық…
  • Кай мекен жай…..
  • Қарайған ақшаны аласыңдар да шала қылып жасайсыңдар… мен сендерді соттатамын…
  • Ало, тоқтай тұрыңыз….
  • Сотқа беріп, түрменің түбіне шірітіп…. Содан кейін  қайдан байымайсыңдар сендер, нансоғарлар…. Адамдарды алдап…
  • Ало, апай, тоқтай тұрыңыз,
  • Қасиетсіз иттің балдары, алдап арбап тапқан ақшаны нан қылып үйренген өңшең иттер….
  • әуелі..,
  • Осындай боларын о баста айтқанда, қытайдың да…
  • сау болыңыз…..

Шыррр…..

  • Салем жаным…..
  • қалайсың!
  • не болды, менің даусымды естіп көңіл күйің түсіп кетті ғой….
  • жоқ, бары жақсы…
  • ммм…. нестеп жатырсын
  • Отырған жұмыста…
  • ммм…. қолың бос па
  • жұмыс дегендей, артынан хабарласайықшы….
  • сенің артынаның бітпейді екен… керек десең тіпті соқпай ақ қой… керегің де шамалы….
  • Ол олай емес қой , жаным….
  • Хош бол…
  • тоқтай тұрш……….

Шыррр……

Шыррр…………..

Шырр……………………

Posted by: ardasau | Қазан 3, 2009

Күйбең тірлік

Ертемен ұйқыдан тұрысымен,  ат қораның есігі жанына түнде қойып кеткен құманын алып,  беті қолын жуып, әйелінің  дайындап қойған дастарханын асыға түрте жеп,  жұмысқа шықты.  Мезгілдің күзге тақап кеп қалған кезі….  Атына міне сала, дорбадағы түскі асы мен саймандарын түгендеп  күнделікті кезекті жұмысына шықты.

Жеткен соң,  атын ерттеп, күннің  ызғар түсіп келе жатқанын сезіп, жеңіл киініп шыққанында ойлап қояды…  Кешегі қойған жерінен құралдарын алып тынымсыз тықырын бастады…. Қара су, қара терге түсіп демалуға отырып жатырған жерінде бастығы кеп қалып, қайта тұрып кеткен. Бастығының  көзқарасыда теріс сияқты болып көрінетіндей.  Үстіне тер қатып  кілегейлене бастады…  Тер тамған көздер де ащытып қояды… Түстің де уақыты жетті ау….

Түскі асты іше сала көз жұмып жарты сағат көз жұмып алу арманындай… Түскі ас дейтінде кемпірінің салып жіберген екі қара көсегі.

Жақпаса да қайтадан кірісіп, жұмыстастарының шеккен шөптерінің  иісі өкпесіне жақпасада білдірмей, талмас еңбек жалғасты.  Іште ыстық  болды ма көздері қарауытып, тысқа шығып келуді нысанады.  Сырттан таза ауаны ішіне сағына тартып бес алты минуттай тұрған кезінде жанынан өтіп бара жатқан есепшінің,  осылардың жасағанынан тұрғаны көп деген сыпсыңын ести сала ішке ентелеп қайта кірісті… Ыстық, тер….. Қапырық.

Кеш түсе салысымен  есепші лашығының  маңына біріншілердің қатарына кеп  тұрғанына  іштей қуанды. Бірақ  есепші бүгін істелген  жұмыстың  аздығын айтып адам басына бір ділдәдан  беретінін айтты…

Кеш салқын ба, әлде денсаулығы сыр беріп жүр ме, әйтеуір,  шынында да тоңып келе жатыр.  Жартылай ұйықтап көзі жұмыла уйіне де жетті-ау…  Астындағы аты да жолды мың қайтара жүре берген соң жаттап алған….

Атынан түспесе де күтіп алған сүйіктісі атты байлап, қолындағы оралған дорбаны алып, жуынар судың дайын тұрғанын айтты….

Бір керіліп,  беті қолын жуып болған соң,  жай басып құманды қора есігі жанына қойып, үйге кіріп кетті..

Posted by: ardasau | Қыркүйек 8, 2009

Ралли “Жібек жолы-2009″

Бүгін Бейнеу селосында айтарлықтай жаңалық болды.img022 Бір апта бұрын хабарлағанындай Жібек жолы-2009 ралли бүгін осында тоқтады. Қазаннан 5 қыркүйекте шыққан мұнда 31 ел өкілдері бар екен. Соның ішінде Франция, Италия, Испания, Португалия, АҚШ, Бразилия, Бельгия, Ұлыбритания және Чили мемлекеттерінің өкілдерімен қатар көршілес орыстарда жүр екен. Соңғы нүкте Ашхабад қаласы, онда қазан айының 15 жету жоспарларында. Марштрут ұзындығы 4350 шақырым.
Балам Ринадты алып балалық ұстап Раллиге бардым. “Ресей, Түркменстан, Қазақстан Президенттік марапаттарынан бұрын алатын ләззат ерекше” дейді Сергей деген осы жобаға қатысушы. Машиналарында жарнама баннерлерден барлық елдің демеушілерінің белгілерін көріп, Қазақстанның еш белгісін көре алмадық. Сергейден сұрағанымда, біздің елден еш демеуші болмағанын бірақ Алматыдан қатысушылардың барын айтты. “Күніне 5 машина істен шығып келе жатыр, Ашхабатқа дейін қанша қалатыны белгісіз. Бірінше келген 30 машинаға 5000 уе Туркменбасшыдан. Содан дәмеліміз” деді ол украиндық. Балам Ринад машинаның әр түрін көріп мәз болды, мен оның қуанғанына қуандым.

Posted by: ardasau | Қыркүйек 5, 2009

Жамағатқа жақсылық

Жаңа жылға жылжығанда жастарыңа жас жамалып, жаратқанның жарлығымен, жарықтардың желеп-жебеуімен, жақсылардың жетегімен жылжып жатырсыңыздар.
Жатты жатырқамайтын, жақсыны жатсынбайтын, жазықсызды жәбірлемейтін, жаңсақтық жасамайтын, жазатайым жаңылсаң жазғырмайтын, жайдан-жай жазаламайтын, жарыместермен жанжалдаспайтын, жемқорларға жегізбейтін, жәдігөйленіп жарамсақтанбайтын, жандайшаптанып жалпақтамайтын, жасампаздықты жаны жақтырмайтын, жуаннан жасқанбайтын, жалдыға жағымпазданбайтын, жанға жалтақтамайтын, жалғыздыққа жабырқамайтын, желпініп жеңілтектенбейтін, жырқылдап желікпейтін, жайбасарлықты жақтырмайтын, жалқаулықты жаратпайтын, жатыпатарлардан жалтармайтын, жеңгелерін жалықтырмайтын, жайшылықта жұмсақ, жұмыста жігерлі, жай-жапсарға жетік, жаратылысынан жаңашыл, жаны жомарт, жұртқа жайлы, жолдасқа жұғымды, жан-жақты, жөніңе жүретін жайсаң жансыңыз.

Жадап-жүдемей, жұқарып-жұтамай, жалауың жоғарыда желбіреп, жұлдызың жақұттай жарқырап жайраңдап жүріп жастан-жасқа жеткейсіңіз. Жасағанием жүрегі жылы жақын-жуыққа, жаны-жайсаң жолдас-жораға, жамандығы жоқ жекжет -жұрағатқа, жарқын жүзді жамағатқа жолықтырып, жауапкершілігі жоғары жұмысыңда жылдамырақ жақсы жетістіктерге, жан жадыратар жағымды жаңалықтарға жетуді жазсын, жылы жұмсағыңды жайбарақаттықпен жегізіп, жаманатқа жуытпай жөніңізге жүргізсін.Жанұяңыздың жапырағың жайылып, жұмыр жерді жаратқан жарылқаушың жаныңа жайдарлы жүзді, жанары жарқылдаған жарасымды, жайсаң жанмен жолықтырыпты, жүз жасаңдар және жазмышыңа жазылған жасыңды жер жүзіндегі жолдастарыңмен жылда жуыңыз!
Жүрекжарды жолдауды жалықпай жазған жұлдызды жылдарда жаныңызда жүретін Жұмыссыз жалқау.
2009 жыл

Бұрынғы жазбалар »

Категориялар